ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

Келесі жылдан мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін екі емтихан тапсырады. Осылайша ҰБТ тапсыру өзгеріске ұшырады. Сонымен мектеп бітіру мен университетке түсу екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік мектеп бітіру емтиханы. Екіншісі, ҰБТ -жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттес-таттау мектепте өткізіліп, бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра, және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБжәне МЖБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынандай:

1. Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі. Ұсынылған 3 тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. Эссенің көлемі 250-300 сөз болуы керек.

2. Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан бес тапсырмадан тұрады.

3. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша); Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі)

4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу болады. Бұған арнайы 80 минут беріледі.

ҰБТ тапсырып, грант ала алмағандардың ақылы негіздегі оқу орнына тапсыра алады. Сондай-ақ, жаңа форматтың тағы бір тиімді жағы — оқу сауаттылығына емтихан тапсыру. Аталуының жай болуына қарамастан, бұл емтихан ең маңыздысы болып отыр. Ол емтихан тапсырушылардың нақты жеке мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда тапсырмаларды жай жаттап қана қоймай, ойлау да, ойын жеткізе алу да, талдай білу де маңызды болады.

ҰБТ-ның тағы бір жаңалығы — тест сұрақтарының мазмұнының өзгеруі. Осыған байланысты пәннің мазмұнын және қойылған сұрақтарға талдау жасап, түсініп, жауап беруіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл мектеп бітірушілердің білім сапасын көтеруге және оның білімін объективті бағалауға негіз болады. Бұрындары тарих, химия, шет тілі, қазақ және орыс әдебиеті бейінді пән болғанда, мамандық таңдау мүмкіндігі шектеулі еді. Алдағы жылы таңдаған пәніне байланысты екі бейінді пәннен тест тапсыру арқылы талапкер бірнеше мамандық таңдайды.

Мәселен, түлек математика мен физиканы таңдайтын болса, классификатордағы 151 мамандықтың 52-сін таңдай алады. Сондай-ақ, колледж бітірген талапкерлердің өздері білім алған мамандықтарына сәйкес, өздері білім алған жоғары оқу орнында оқуды жалғастырғысы келсе, тек қажетті бейінді пәндерден тест тапсыратынын айтып өтті.

Бұл өз кезегінде колледж бітіріп, жоғары оқу орындарына түсе алмай жүрген жастарға өте қажет. Себебі талапкерлер колледжде оқыған мамандығы бойынша алған білім нәтижесін және біліктілігін дәлелдейтін болады. ҚР БҒМ сұрақтардың саны артқанымен, шектік баллды 50 деңгейінде қалдырып отыр.

Жанерке ХУМАР

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *