ҰБТ-да өзгеріс бар ма?

Оқу жылының аяқталуы жақындаған сайын мектеп бітіруші түлектердің бойында қорқыныш пен толқыныс байқалатыны белгілі. Себебі олар 11 жыл алған білімін сарапқа салады. 

image7056

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгермейтін болды. Яғни, сынақ әдеттегідей бес пән бойынша, 1-15 маусым аралығында өтеді. Ал берілетін уақыт 3,5 сағатты құрайды. Айтпақшы, елімізде бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесі 11 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы аралықта республика бойынша 1 миллион 422 мың түлек сынақ тапсырған. 2013-2014 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 18 809 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, сынақ қорытындысы бойынша өңір көрсеткіші 74,5 балл болған еді.
Биыл республикадағы мектептердің 100 мыңнан астам түлегі тестілеуге қатысады деп күтілуде.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *