Тұрмыстық заттардың күтімі

17_agd1

Үйдегі ыдыс-аяғымыз немесе тұрмыстық техникамыз  бүлініп қалса не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз бар. Кейбіріміз бүлінген затты қалпына келтіру үшін дүкендерден қымбат химиялық заттарды сатып алып қолданып жатсақ, енді біріміз тұрмыстық техникамызды қоқысқа тастаймыз. Бұл әрине, екі есе шығын. Себебі, оның орнына басқасын сатып алуға тура келеді. Десек те көбіміз көп қаржы жұмсамай-ақ, үйдегі заттарды қалпына келтіруге болатынын біле бермейміз. Ендеше, қаржыңызды үнемдеп, артық шығын шығарғыңыз келмесе біздің қарапайым кеңестерге құлақ түре жүріңіз. 

HD-1220l1

Фен. Шаш кептіруге арналған бұл құралды басқа да бағытта пайдалануға болатынын бірі білсе енді бірі біле бермейді. Мәселен, жаңадан сатып алынған  тұрмыстық техниканың, ыдыстың фирмалық жабсырмасын немесе айнаға жабыстырылған жабыстырғышты кетіре алмай дал боламыз. Ал, оны  шаш кептіретін құрал, яғни, феннің көмегімен тез әрі тап-таза етіп кетіруге болады.

c3msCxwC

Үтігіңіздің табаны қарайып қалса оны кәдімгі ас тұзының көмегімен тазартуға болады. Ол үшін үтікті қатты қыздырып, ақ қағаздың үстіне төселген тұзға үйкеңіз. Қас-қағым сәтте үтігіңіздің табаны жылтырап шыға келеді.

3274422
Аршылған картоп қабықтарын қоқысқа лақтырмаңыз. Себебі, картоп қабығының да пайдасы бар. Үйіңіздегі шәйнектің іші қаққа толып кетсе оны кетірудің ең оңай жолы осы картоп қабығы екенін білесіз бе? Қабықты тазалап жуыңыз да, шәйнектің ішіне салып қайнатыңыз.

Суреттер: интернеттен алынды

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *