«Синий кит» пен «Тихий дом»… Шымкентке жеттi

«Баланы суицидке итермелейді екен» деген үреймен жұртшылықты әбігерге салған «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20» ойындары Шымкентке де жетті. Облыс прокуратурасына «балам осындай топтың қатарына қосылып, тапсырмалар алады» деп 9 ата-ана арызданған.
2017 жылдың 8 ақпан күні Абай аудандық ІІБ-не Шымкент қаласының К. есімді азаматшасы арызданып 2005 жылы туған баласының телефонына жасырын нөмірден белгісіз біреу хабарласып, «Синий кит» ойнауды ұсынғанын мәлімдеген. Баланың бұған дейін «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сәйкес парақшаға тіркелгені анықталды. Телефон арқылы хат жазысу барысында ойынға қатысудан бас тартқан соң, белгісіз адам қорқыту мазмұнындағы хабарламалар жібере бастаған. Бала бұл туралы ата-анасына айтқан. Олар дереу полицияға арызданыпты.

Ойынға 9-15 жас аралы-ғындағы ұл-қыздарды таңдап алады. Себебі осы жастағылар еліктегіш, сенгіш және эмоцияға берілгіш болады.

Вконтакте немесе Инстаграмда достық жіберіп, әр түрлі сөздермен, суреттермен қызықтырып, ойнауға шақырады. Қатысушы келіссе, #явигре деп жазады. Оған жеке куратор тағайындалып, 50 күнге 50 тапсырма береді. Білектеріне пышақпен немесе ұстараның жүзімен киттің суретін салудан бастап, соңғы тапсырмасында өз-өзіне қол жұмсауы қажет.

Барлық тапсырма таңғы сағат 4:20-да орындалып, нәтижесін суретке түсіріп, жетекшіге жіберуі керек. Бұдан баланың ұйқысы қанбай, жүйкесі жұқарып, желідегі жетекшіге тәуелді болады. Нұсқаулықтардан бас тарса, «ата-анаңды өлтіреміз» деген хабарлама келеді.

ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қазір суицидті нас-ихаттайтын топтарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұғатталып, топ әкімшілері жазаға тартылады.

Досжан Байбатыров, ақпарат-тық қауіпсіз-дік саласы-ның маманы:
– Техника-лық тұр-ғыда қандай да бір адам жайлы ақпаратты бүге-шігесіне дейін білу оңай шаруа емес. Өкініштісі, бар ақпаратты өзіміздің салғырттығымыздан білдіріп қоямыз. Көпшілігіміз әлеуметтік желіде толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып, көрсетеміз. Бірақ тағы да қайталаймын, тек IP мекен-жайы арқылы сіздің ата-анаңыз немесе туғандарыңыз туралы нақты мәлімет біле алмайды.

Хали МАМАТАЕВ, ОҚО прокурорының бірінші орынбасары:
— Бақылау барысында ерекше назар балалардың порнография мен суицидтік көңіл-күйді насихаттайтын сайттар мен әлеуметтік желі парақшаларына кіру жағдайларына бөлінеді. Мұндай сайттарға біздің Рес-публика аумағында тыйым салынады. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабы, 3 тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қатысты адам анықталу үстінде. Кінәлілер 3-7 жылға бас бостандығынан айырылады.


Жұлдыз Балтабаева, психолог маман:

– Көптеген ата-ана баласының тамағы тоқ, киімі таза, қатарластарынан қалмай жүргенін қадағалаумен шектеледі. Ішкі жан дүниесінде не болып жатқанына үңілмейді. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы көбіне бала мен ата-ана арасындағы байланыстың үзілуінен де болады. Әке-шешесі мен баласы жиі сырласуы керек. Достық орнағанда ғана қауіп-қатердің алдын алуға болады. Телефоннан алшақтату — сананы улаған соқыр сенімнен арылудың жолы емес. Ата-ана техникалық, ақпараттық тұрғыдан сауа-ты болғаны жөн. Сонда балаға дұрыс сұрақтар қоя алады. Мысалы «Шық сол желілерден, телефонды таста!» дегеннің орнына «Кімдермен сөйлесіп жатырсың, қандай қызықты топтарда отырасың?» десе, бала да ашық жауап береді.

Әлия ӘДІЛБЕК

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *