Шымкентте тегін wi-fi нүктелері артады

Қала жастары мен қонақтары үшін жағымды жаңалық! Шырайлы Шымкентте тегін wi-fi ғаламтор желісіне қосылатын демалыс аймақтарының саны артатын болды. 

wi fi

Яғни, енді көптің сүйікті мекеніне айналған Дендросаябақта жүріп, ғаламторды тегін пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл туралы «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абзал Үбелтаев мәлім етті. Директордың сөзінше, қаладағы тегін wi-fi нүктелерінің жұмысына жергілікті қазынадан 3 млн теңге қаралып қойған. Жоспар бойынша мамыр айында желілер іске қосылады. Осы ретте айта кетейік, 2014 жылдың шілде айында Шымкенттегі 6 бірдей саябақ пен аллеяларда тегін wi-fi қондырғылары қойылған болатын. Оған 8 млн теңге бөлінген. Бұл нүктелерді іске қосу сәтіне шаһар басшысының орынбасары Бахадыр Нарымбетов қатысқан.

Абзал Үбелтаев, «Шымкент жастары» КММ-нің директоры:

Абзал— Бүгінде профилактикалық шаралар жасалынып жатыр. Ерекше атап өтерлігі, бұған дейін тегін интернет желісіне, яғни, интернеттің жылдамдығына қатысты сындар айтылды. Жылдамдықтың төмен болғанын жасырмаймын. Айдың соңғы екі-үш күнінде профилактикалық реттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай сәттерде жылдамдық аздап төмендейді. Тегін wi-fi нүктелері бақылауда ұсталынады. Теріс тәрбиеге бағыттайтын түрлі діни ағымдағы және өзге де теріс әрекеттерге насихаттайтын сайттар бұғатталған. Ол жұмыстар тағы да жалғасын таба бермек.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *