Серпінмен оқимыз

серпін логооЕлімізде 2014 жылдан бастап қолға алынған «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. ҰБТ-дан төмен ұпай жинап тегін оқу мүмкіндігінен қағылған талапкерлер осы бағдарлама арқылы грант жеңіп алуына әбден болады.  Жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл жоба биыл да жалғасын тауып отыр.

Мемлекет басшысының идеяларын негізе ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Бағдарламаның басты мақсаты  Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастарын мемлекеттік білім беру гранты бойынша Солтүстік аймақтардағы 19 жоғары және 33 кәсәптік-техникалық  оқу орындарына қабылдап,   педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша тегін оқуына мүмкіндік береді.  Сонымен қоса, Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарын да жұмыспен қамту көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы жоғарғы оқу орындарына 1050, кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуға 1000 грант бөлініп, Оңтүстік Қазақстан Облысынан 866 жас оқуға түскен.

Болат Жанәбіл 1

Болат Жанәбіл, ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:-
Биыл «Серпін» бағдарламасына өтініш қабылдау 23-31 шілде аралығанда өтеді. Жоғары оқу орындары үшін өтінішті Оңтүстік бойынша 4 мекемеге  өткізе алады. Олар: Шымкентте, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық иниституты, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы және Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи атындағы Халқаралық Қазақ-Түрк Университеті.  Колледждерге оқуға түсуге ниетті талапкерлеріміз өтініштерін қаламыздағы №3, №4 колледждеріне өткізеді. Сондай-ақ осы жылы облысымыздан 4000-5000 жасты оқуға жібереміз деп межелеп отырмыз. Айта кетер тағы бір жайт, 9 сынып бітірген түлектеріміз «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға қабылдана алмайды. Міндетті түрде 11 жылдық білім алған болуы шарт. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға бұрын мектеп бітіргендер де қатыса алады.

 

2015 жылы 19 жоғары оқу орынына арнайы 5000 грант (педагогикалық мамандықтарға 1500, техникалық мамандықтарға 3000 ауылшаруашылығы мамандығына 300, ветеринария мамандығына 200), 34 кәсіптік-техникалық колледждерде білім алушылар үшін 1200 грант бөлініп, нәтижесінде жоғары оқу орындарына 2580 жас, кәсіптік-техникалық колледждерге 359 жас мемлекеттік грантпен оқуға қабылданған .
серпін-3Ал, биыл жылы бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарына – 5000, кәсіптік-техникалық колледждерге – 1500 мемлекеттік грант бөлінуі жоспарланған.
Серпін бағдарламасы аясында жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері шәкіртақымен, жылына бір реттік жолақымен және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ал, кәсіптік-техникалық колледж студенттеріне үшін бұған қосымша бір реттік қысқы жылы киіммен, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бітірушілерді жұмыс орындарымен қамтиды.
Бағдарламаны насихаттау мақсатында Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан келген арнайы жұмысшы топ өкілдері Мақтарал, Сарыағаш аудандарының мектеп бітіруші түлектерімен, ата-аналарымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жанерке ХУМАР

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *