«Тоқтама» интернет-газетінің тақырыптық айдарлары бар.

«Қапы қалма» — жастар жаңалығы, тап сол мезеттегі оқиғалар жарияланады

«Ізден» — қазақстандық және шетелдік білім ордаларында оқу, онлайн білім алу жолдары, онлайн курстар, жастарға арналған оқу гранттары және өз танымын кеңейтуге қажетті пайдалы ақпарат

«Сөйле» — өзіндік пікірі бар, айтары мол әрбір жастың өз ойын жеткізуіне жағдай жасап, әр алуан адамдармен түрлі мазмұнда болған сұхбаттарды ұсынады.

«Отырма» — кәсібін дөңгелеткен, қам-қарекет жасап, табыс тауып, еңбегінің нанын жеп отырған жастарды кейіпкер етеді

«Жүгір» — «Мықты болғың келсе жүгір, ақылды болғың келсе жүгір, әдемі болғың келсе жүгір». Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, жан мен тәннің үйлесім табуы, жаттығу залдарына бару, экстремальды спорт түрлері туралы мағлұмат

«Қыдыр»- саяхаттауға, сейіл құрып, серуендеуге шақырады. Ағзаны тынықтыру, белсенді демалыс, бос уақытты көңілді өткізуге оңтайлы ойын-сауық орындары

«Ғашық бол» — сайт оқырмандарының қатысуымен толығады. Бұл айдарда ғашықтық хаттары, махаббат лирикасы, оқырмандардың махаббат хақындағы толғамды ойлары мен оқиғалары, жүректерін тербеген тәтті сезімдеріне орын берілген. «Ғашық бол» айдарына өз жүрекжарды шығармаңды жолдаз, оқырман!

«Hi-tech» — темір-терсектер мекені. it-әлемдегі соңғы жаңалықтар, мобильді технологиялардың аяқ алысы, ғылыми техникалық жаңғырулар, түрлі гаджеттерге шолулар, презентациялар мәтін, подкаст, видеопосты


 

Тоқтама әлеуметтік желілерде: 

Facebook — https://www.facebook.com/toqtama.kz

Twitter — https://twitter.com/toqtama

Pinterest — http://www.pinterest.com/toqtama/

ВКонтакте — https://vk.com/id263071511

Эл. пошта:

toqtama@gmail.com

toqtama@mail.ru

 


Редакцияның мекенжайы:

ОҚО, Шымкент қаласы, Н. Төреқұлов көш., 15 үй,
телефон: +7 7252 53-54-17