Рecha kucha – жастар басқосуының жаңа форматы

Астаналық спикерлер Шымкентке келіп интеллектуалды кеш өткізді. 50-ден астам қыз-жігіттер бір мезетте кәсіби коучер, сәнді брадобрей, қаламы қарымды журналист, жастар саясаты мәселелері бойынша жетекші, Гарвард түлегі сынды тұлғалармен кездесіп, сұрағына жауап алды. Олар мұндай басқосуды Рecha kucha деп атайды.

«Рecha kucha» сөзі алғашында Жапонияда қолданылған. «Мылжың сөз» деген мағынаны білдіреді. Уақыт өте қолданыстағы мағынасы өзгерді. Рecha kucha Night брендімен өтетін басқосуларда спикердің сөйлеуіне небәрі 6 минут 40 секунд (әрқайсысы 20 секундтан тұратын 20 слайд) уақыт беріледі.

Ол осы уақытта өз тақырыбына сай ең маңызды, көбісі біле бермейтін немесе сол саладағы жаңашылдықты ашу керек. Ең бастысы – тыңдаушынының қызығушылығын ояту. Себебі, келесі 6 минут 40 секунд сұрақ-жауапқа арналады. Егер тақырыпты дұрыс жеткізсе, сұрақ жауады. ПечаКучада тақырыпқа шектеу жоқ, бірақ жарнама жасауға тыйым салынған.

Рecha Kucha Night ұйымдастырушылардың инстаграмдағы парақшасы: Рechakucha_shymkent

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *