Онлайн-дүкендерге тапсырыс беру тиімді ме?

Бүгінде, әсіресе жастар онлайн-дүкендер арқылы тұрақты түрде тапсырыс беретін болған. Интернет-дүкендер арқылы киім, түрлі DVD дисктер, техникалар, кітаптарды тапсырыс беріп жатамыз. Десек те киімді үстімізге кимей, затты қолымызбен ұстап көрмей тапсырыс берудің тиімділігі мен тиімсіз тұстары қандай? rthtubbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbbb

Сайт маманы Берікбол Жарылқасын күн сайын түрлі нетбук, ноутбук, DVD , катқыл дисктермен жұмыс жасайды. Әлеуметтік желілерде, түрлі сайттарда отырып, өзіне қажетті тауарын онлайн дүкен арқылы тапсырыс берген болатын. Алайда бұл жолғы тауары жарамсыз болып шықты.

Берікбол Жарылқасынның айтуы бойынша, Қытайға тапсырыс берген нетбуктың қуаттағышы жарамсыз шыққан. Басында қуаттылығы 8 сағатқа дейін шыдамды болуы тиіс құрылғы алғашында тек 2 жарым сағатқа дейін ғана шыдас беріпті. Кейін мүлдем пайдаға аспай қалған.

Бұл Берікболдың ғаламтор желісі арқылы тапсырыс берген алғашқы заты емес. Алайда мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отыр. Ақшасын екі есеге және уақытын үнемдеймін деген біздің кейіпкерімізге затын қайта жібермек болған. Алайда дүкендер желісінің шарты бойынша Берікбол қайта үстеме қаржы мен жолдың ақысын тағы да төлеуі тиіс екен.
киииимм
Айгүл Әлішер мен Айжан Әшірбекованың жөні бөлек. Қос құрбы көптен көріспегендіктен, бірге дүкен аралауға келіскен. Бүгін соның сәті түсті. Айгүл мен Айжан қажетті заттарды, әсіресе киімдерді базар мен дүкендерді аралап жүріп таңдайды. Бұл уақытты тиімді әрі қызықты өткізуде де пайдалы. Әзірге интернет дүкендердің қызметіне жүгіне қоймаған арулар бойжеткендерге дәстүрлі сауданың артықшылығы көп деп есептейді.

Мақсат Байзақов — жоғары оқу орнын жаңадан бітірген жас. Алайда әзірге өз мамандығы емес, кәсіпкерлікті қолға алыпты. Ол қазақи үлгідегі түрлі заттар, оның ішінде таза былғарыдан тігілген сөмкелер мен белдіктерді, әмияндарды сатады. Қазақи дүниелердің ел ішінде кеңінен таралуын қалайтын азаматтың дәстүрлі емес, онлайн дүкені бар.

Дәстүрлі саудаға қарағанда, интернет дүкенді дұрыс санайтын Мақсаттың жоспары үлкен. Бұл сауда түрі оған өте ыңғайды. Өйткені тек Шымкенттен ғана, Қазақстанның өзге қалаларынан да тапсырыс беретін жеке, тұрақты тұтынушылары бар.

Мамандар интернет-дүкендері арқылы тапсыру беру желісі одан әрі дами түседі дейді. Тіпті осының салдарынан Ұлыбританияда дәстүрлі сауда қызметі азайған көрінеді. Ал біздің айтарымыз, қалай және неге тапсырыс берсеңіз де, сіз үшін тиімді әрі ыңғайлы болсын.

 

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *