Облыстық олимпиада өз мәресіне жетті

vlcsnap-2015-01-21-16h20m08s57Мектеп оқушылары арасында өткен облыстық пәнаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Бұл білім додасында 900-ге жуық қатысушы, яғни, 9 және 11 сынып оқушылары жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар бойынша бақтарын сынаған. Екі күнге созылған сайыста оқушылар 16 пән бойынша емтихан тапсырды. Алғашқы күнінен 300 қатысушы сүрінбей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды. Сынақ тапсырғандардың 111-і жеңімпаз деп танылса, 29 оқушы «Қабілетті өрен», «Дарынды жас» сынды арнайы номинацияларға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10-шы қаңтар күні Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінде өтті.

Облыстық пәнаралық олимпиада екі күнге созылған еді. Енді сайыс жеңімпаздарын алда үлкен сын күтіп тұр. Олар республикалық додада білімдерін сынға салатын болады.

 

 

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *