Мақтаралдық озаттар

32-048Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы  атындағы гимназия-мектебінің ұл-қыздары биыл да үмітті ақтады. Білім ордасын 70 ұл-қыз бітірсе, оның 50-ден астамы Алтын белгіге үміткер болатын. Соның 40-ы алған білімін дәлелдеп шықты. Бір мектептен осыншама Алтын белгі алу өзге мектеп, гимназия, лицейлер үшін арман деуге болады. Бұл қалай өзі, әр жылы осы мектептен ондаған озаттар шығады? деп таңырқайтындар да аз емес. «Ол мүмкін емес»,- дейтіндер де көп. Ал, осы білім ошағын 28 жыл бойы басқарып отырған білікті басшы, халық педагогы Омархан Қозыбақ «мұның бір ғана сыры бар, ол — ЕҢБЕК!»-дейді. «Балалардың және ұстаздардың еңбегі». Гимназия директорының айтуынша, білім саласындағы жаңалықтар мен стандарттарды дұрыс енгізе отырып, ұл-қыздарды білім алуға дұрыс бағыттап, баулыса, төгілген тер еш кетпейді. Нәтиже шығады. Қазақ-орыс гимназия-мектебінің оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадамен, конкурстарға қатысып, ғылыми жобаларды жазуда да оқ бойы озық екен. Бүгінде әрбірінің ата-анасы өз перзенті үшін мақтана алады. Өйтпегенде ше?! Мысалы, облыс орталығындағы мектептерде ҰБТ-дан 95 бал жинаған түлек те, ата-анасы да қуанары сөзсіз. Ал, жетісайлық гимназия-мектебінің өрендері жинаған ең төменгі бал — 95! Шектік балға жетпеу деген ұғым мұнда жат секілді. Былтыр Б. Момышұлы атындағы гимназия мектебін  35 түлек Алтын белгімен бітірген. Үздік оқушылары тағы бар. Одан алдыңғы жылы 29 бала алтынды иемденді. Соңғы он жылда гимназия мектебінің 185 түлегі Алтын белгі алыпты. Былтыр түлеп ұшқан 74 ұл-қыздың 69-ы мемлекеттік грантпен Қазақстанның ЖОО-на түсіп, білім алуда. Биыл олардың қатары тағы толығады. Міне, еліміздің болашақ білікті мамандары!

Дайындаған – Жанерке ХУМАР

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *