Кешенді тестілеуде не өзгеріс?

Колледж бітірген түлектер ЖОО-ға түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеудің талаптарына өзгеріс енгізілді. Бұған дейін тестте мектеп білімі тексерілсе, енді артық сұрақтар алынып тастап, түлектің колледжде алған білімі ескеріледі.

Бүгінге дейін колледж түлектері ҰБТ кезінде өздері колледждің соңғы жылдарында оқымаған пәндері бойынша тест тапсыратын еді. Енді тек колледжде оқытылған білімі ғана сараланады.
Кешенді тестілеу барысында талапкерлер 60 сұраққа жауап береді: 20 тасырма – жалпы бейінді пән бойынша, бір дұрыс жауап (бұл тапсырмалар арқылы базалық пән бойынша алынған академиялық білім деңгейі тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойын-ша, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім деңгейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған).

Жалпы бейінді пән – белгілі бір мамандықтар тобына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», т. с.с.

Ал бейінді пән – нақты мамандықты игеруге қажетті пән. Мысалы болашақ математика мұғалімі үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін – «Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы» т.с.с. Тестілеу 17-23 шілде аралығында, базалық ЖОО-да өтеді. Берілетін уақыт 1 сағат 40 минут. Жоғары балл: 70, шекті деңгей 35 балл болады.

Сондай-ақ мектепті бұрын бітірген түлектер үшін де тапсыратын сынақ біраз өзгеріске ұшырады. ЖОО-ға тапсырғысы келсе, 20 тапсырмадан тұратын 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылғы) және 20,10 тапсырмадан тұратын таңдаған мамандығына байланысты 2 бейіндік пән тапсырады. Тестілеу 17-23 шілде аралығында, базалық ЖОО-да өтеді. Берілетін уақыт: 3 сағат 50 минут. Жоғары балл 140, шекті деңгей 50 балды құрауы тиіс.

2017 жылға (болжам):
бітірушілер саны 137 715.

Тестілеуге 156 400 қатысады деп күтілуде,

оның ішінде 96 400 (70%) мектеп бітірушілер және
60 000 колледж бітірушілері.

Әлия ӘДІЛБЕК

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *