Жұмыссыз жастарға арналған 3 бағдарлама

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Жаңа өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасын таныстырды. Жастарға жұмыс тауып беру үшін бір ғана бағдарлама жеткіліксіз екені рас. Бұдан да басқа жобалар бар. Солардың бір парасын таныстыралық…

«Жаңа өнімді жұмыспен қамту»

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген бағдарламада жастарды тегін оқыту және оларды еңбекпен қамтудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері қарастырылған. Жаңа бағдарлама 15 пен 45 жас аралығындағы, айына 60 мың теңгеден төмен кірісі бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға және кәсіптік біліктілігі жоқ тұлғаларға жұмыс табуға немесе жаңа мамандықты меңгеруге көмектеседі.Осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқың келсе, «Халықты жұмыспен қамту орталығына» барып, тіркелуің керек.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

Қазір жұмыс берушілердің көбі тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа алуға құлықсыз екені рас. Осындай жағдайда аталған бағдарлама көмекке келеді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектеріне мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету. Бағдарлама шарты бойынша, жас маман меншік түріне қарамастан, кез келген ұйымда тәжірибеден өте алады. Бұған дейін мемлекет оған ай сайын 34 686 теңге көлемінде жалақы төлеген болса, биылдан бастап жас маман 56 мың теңге алады. Жұмыс беруші қосымша ақы төлеуіне болады. Алты ай бойы тәжірибеден өтеді де, содан кейін жұмыс беруші қаласа, жас маман келіссе, ол тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бағдарламаға қатысу үшін «Жас-тар ресурстық орталығына» немесе «Халықты жұмыспен қамту орталығына» бару керек.

Қажетті құжаттар:
1. Жеке куәлік көшірмесі
2. Мекен жай анықтамасы
3.Дипллом нотариус арқылы куәландырылған
4. 20 санды есеп шоты (РБК банк)
5. Зейнетақы келсім-шарты (ЕНПф)
6. Кіріс жөнінде құжат

«Дипломмен ауылға»

Оқу бітірген мамандарды ауылдарға тарту бағытында жүзеге асып келе жатқан бағдарламаның бірі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және өнер саласын бітірген және мал дәрігері (2012 жылғы қаңтар айы-нан бастап) қажет ауылды жерлерге өмір сүру және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден ауылдарға барады.
Мынадай қолдау жасалады:
• 70 АЕК (129 640 теңге) көлемінде көтерме ақы бір жолғы жәрдемақыны төлеу;
• 1500 АЕК (2 778000 теңге) көлемінде 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жыл мерзімге арналған тұрғын үй алуға және құрылысы үшін бөджеттік несие;
«Дипломмен ауылға!» жобасына: жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектері, бес жылдан кем емес мерзімге өмір сүру және жұмыс істеу үшін ауылға келген еңбек өтілімі бар мамандар қатысады.

Мына құжаттар қажет:
1. нұсқау бойынша өтініш;
2. жеке куәлігінің көшірмесі;
3. жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4. азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесі немесе сәйкесті тұрғылықты пунктте тұратындығын тәлелдейтін анықтама;
5. білімі туралы диплом көшірмесі;
6. салық төлеушінің тіркелуі жөнінде куәлік көшірмесі;
7. әлеуметтік жеке кодын алғаны жөнінде куәлік көшірмесі
8.ҚР қолданыстағы заңына сәйкес тұрғын үйді сату-сатып алу туралы алдын ала келісімшарты.
Құжаттардың түп нұсқасы мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары маманға қайтарылады.

Әлия ӘДІЛБЕК

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *