Жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылды

Қаңтар айының екінші аптасындағы Үкімет отырысында толығымен жастар мәселесі талқыланды. Үкімет деректеріне қарағанда, Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығында төрт миллионнан астам жас азамат бар. Олардың тең жартысы қолдарында диплом болса да, жұмыссыз жүр. Тағы бір мәселе, жастардың біраз бөлігі жұмыспен қамту бойын-ша атқарылып жатқан бағдарламалар туралы білмейді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында қараша айында қолға алынып, 1 қаңтардан бастап іске қосылған «Жаңа өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасына тоқталды. Жаңа жоба үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жасайды.
Біріншіден, орта арнайы немесе жоғары оқу орындарына түспей қалған, білімі жоқ 100 мыңға жуық жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар техникалық және кәсіптік білім базасында алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу мүмкіндігіне ие болады.

Екіншіден, 2017 жылы ҚР БҒМ бірлесіп барлық жалпы білім беретін мектептерде, ЖОО-лар мен колледждерде кәсіби бағдар беру кабинеттері іске қосылады.

Үшіншіден, білім мекемелерін тәмамдаған жастарды жұмысқа орналастыруда туындайтын кедергілердің бірі еңбек өтілінің болмауына байланысты «алғашқы жұмыс орны» мәселесі болып табылады. Оны шешу үшін «жастар іс-тәжірибесі» құрауышы сақталатын болады. Бұл жас түлектерге мемлекеттің қолдауы есебінен жұмыс дағдыларын игеріп, алғашқы еңбек өтілін алуға мүмкіндік беред. Ал бұл болашақта тұрақты жұмыс орнымен қамтылуына жол ашады.

Үкімет отырысында жастардың бос уақытын өткізуін ұйымдастыру мәселесі де көтеріліп, елдегі спорт және мәдениет кешендеріне кірудің қымбат екені айтылды. Отырысқа қатысқан «Жастар» тәуелсіз зерттеу орталығы дерегінше, «Қазақстандағы жастардың 83 пайызы бос уақытында музыка тыңдайды, теледидар көреді, интернетте отырады». Мәселеге қатысты пікір білдірген дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «бос жастарды әскерге алуды» ұсынды.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *