Жұмыс таппай жүрсең…

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы биыл да жалғасын табады. Бір ғана Шымкентте биыл 1800 жасқа жолдама берілмек. Оның 800-і бағдарламаның алғашқы кезеңі бойынша тәжірибеден өтсе, қалған 1000 жас маман екінші кезеңінде уақытша жұмысқа орналасатын болады. 

vlcsnap-2015-01-19-12h50m19s227

 

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, 2014 жылдың қараша, желтоқсан айларында қажетті мамандар бойынша өтінімдер қабылданып, 218 мемлекеттік және жекеменшік мекемедегілер сұраныстарын жолдаған. Қызығы сол қалада заңгер, есепші, экономист мамандарына сұраныс жоғары. Ал жалақы мәселесі биыл былтырғымен салыстырғанда 2040 теңгеге артып, 35 676 теңгені құрап отыр. Айта кетейік, бағдарлама аясында құжаттарды қабылдау жұмысы қаңтарда басталған болатын. Үкіметте бағдарламаға бөлінетін қаржының нақтылануына байланысты ол жұмыстар уақытша тоқтатылды. Алайда халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мекеме жұмыс іздеп келуші жастарды кері қайтармай, анкета толтыртып алып қалуда.
Ендеше, жас маман, алғашқы кезең бойынша тәжірибеден өтуге әлі де мүмкіндігің бар. Жолдама ақпан айынан бастап беріледі деп күтіледі. Ал екінші кезеңі шілде айында жүзеге асады.

Айша Қамбарбекова,

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:

Айша Камбарбекова— «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы қаншама жас 6 айлық мерзіммен тәжірибеден өтті. Жұмыс беруші мекемеге біліктілігін көрсетіп, тұрақты жұмыспен қамтылған жастар да баршылық. Биылғы бағдарламаның бір ерекшелігі бұған дейін тек жаңадан оқу бітірген маман тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып келген болатын. Биыл 2012, 2013, 2014 оқу жылдарында қолына диплом алған жас маман тәжірибеден өте алады. Оларға 18 айлық есептік көрсеткіш келемінде жалақы төленеді. Ал талап өзгеріссіз. Қатысушы ешбір жерде жұмыс жасамаған, яғни, еңбек өтілі болмауы тиіс.

3-006

 

«Оңтүстік Рабат» газетінің «Тоқтама» қосымшасы. №3, 21.01.2015 ж.

Comments
  1. КУаныш
    • Ербол
  2. Нургуль Куанышбекқызы
  3. Жанар
  4. Дина
  5. Лаура
  6. Талғат
  7. Лаура
    • Алия
  8. ермек
  9. Тел номерім 87028956561

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *