Жолдауды қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өтті

фото 1Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Жетісай қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол Болашаққа бастар жол» атты дәстүрлі жолдауын аудан жастарының арасында талқылау және түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

фото 2Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдауын арнады. Елбасының баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтін, келешекке бағыт бағдар беретін негізгі құжатты жастардың арасында кеңінен насихаттауға бағытталған мәжіліске Ішкі саясат бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Білім бөлімі, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілісті «Жастар орталығының» директоры М.Нұрымбетов жүргізіп отырды. Жиында «Сырдария» университетінің 2 курс студенті Мухтарова Гуландон, 2014 жылдың «Сырдария» университетінің ең үздік студенті номинациясының иегері Молдахмет Архад, Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының бітіруші оқушысы, алтын белгіге үміткер Сайлау Бекасыл, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжінің 3 курс студенті Давлетова Нилуфар, «Жанықұл» медициналық колледжінің студенті Арипова Лаура Елбасының жолдауы туралы өз баяндамаларын оқыды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы жастар арасында кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мәжілісте «Жастар орталығының» іс шаралар жоспары таныстырылып, жастардан түскен ұсыныс пікірлер болса сарапқа салынып, жоспарға енгізілетіні айтылды. Мәжілісті қорытындылаған «Жастар орталығының» директоры М.Нұрымбетов негізгі міндеттер мен мақсаттарды іске асыруға өз үлесімізді қосып, мәдениетімізді, тарихи мұраларымыз бен тілімізді сақтап тәуелсіз еліміздің қарқынды даму жолында аянбай еңбек етуге шақырамын» — деп жиынды аяқтады.

Гүлнұр Сұлтанова .

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *