Жасыл ел жұмысқа шақырады

Жасыл ел 1Таяуда ОҚО-да «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XII маусымы ашылды. Төлеби ауданы аумағындағы Alma-Tau демалыс аймағында өткен шараға ҚР-ның Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаев қатысты. Ел аумағында «Жасыл ел» жобасы осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Сол уақыттан бері бағдарлама жазда жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз  етіп келеді. 

«Жасыл ел» жасақтары құрылған 11 жыл ішінде бұл ұйымның құрамында 250 мыңға жуық жас еңбек еткен. Соның арқасында елімізде 100 гектар жер абаттандырылып, 50 млн-дай ағаш егілген. Биыл бұл көрсеткіш тағы да еселенбек. Тек Шымкент қаласының өзінде биылғы маусымда құрылыс нысандарында 500 жас еңбек етсе, облысымызда 1700 жас жұмыспен қамтылыпты. Жастар жұмыс істегені үшін лайықты еңбекақы алатын болады.
Студент жастарды жазғы мезгілде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір аудан, қалада «Студенттік құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыстар атқарады. «Жасыл ел» бағдарламасына құжат қабылдау аудан қалаларда 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ облысымыздағы жоғары оқу орындарының студенттері тарапынан ниет білдірушілер сол оқу орынының жастар ісі комитетіне немесе «Жасыл ел» еңбек жасақтарының облыстық штабына өтініш білдіреді. «Жасыл ел» бағдарламасында еңбек ететін жастарымыз негізінен орман шаруашылықтарында, қалалар мен ауылдардағы орталық көшелерді, гүлзарларды саябақтар мен Дендросаябақты көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылады.
Өткен жылы Шымкентте «Жасыл ел» жасағына қатысушылардың саны алдыңғы жылғымен салыстырғанда 254-ке артқан. Былтыр жастар әдеттегідей ағаш отырғызып, көшет дайындамаған. Сол уақытқа дейін егілген, өскен ағаштарды суарып, басқа да шаруалар атқарған екен. Айта кетейік, 2015 жылға дейін әр студентке республикалық және жергілікті бюджеттен 36 800 теңге айлық төленіп келген.
Өткен жылы «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан жастардың орташа жалақысы 35-40 мың теңге көлемінде болған. Яғни, белгіленген сома жергілікті мердігер компанияның келісімге отыруымен байланысты. 2015 жылы тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар жұмыссыз жастар да жасаққа шақырылған.
2016 жылы республикалық бюджеттен Оңтүстік Қазақстан облысына 1700 еңбек жасағын жазғы маусымда жұмыспен қамтуға қаржы қаралып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 адамға көп.
Еңбек жасақтарына жұмыс беруші мен жұмыс ұсынушы тарапынан еңбекақы төленеді. Жұмыс ұсынушы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық бюджетінен еңбекақының 50 пайызы төленсе, жұмыс беруші мекеме қалған 50 пайызын төлейді. Республикалық бюджеттен «Жасыл ел» еңбек жасақтарына арнайы үлгідегі (футболка, күртеше, бейсболка, аяқ киіммен) қамтамасыз етіледі.

Жанере ХУМАР

777777Мұқтар Сейтжапбаров, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:
2015 жылы облысымызда 1000 жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылды. Оның ішінде 584-і Шымкент қаласындағы 4 мердігер мекемеде («ЛТД-Тұрмыс», «ЛБ Бәйтерек», «Автоматика» және «Жасыл желек»), Абай, Жеңіс, Орталық саябақтарында, Нұрсәт мөлтекауданындағы гүлзарларда, Бәйдібек би ескерткішінің маңында, Д. Қонаев, Тәуке хан, Бейбітшілік, Бәйдібек би даңғылдары мен Т. Рысқұлов көшесінің бойында жұмыс істесе, 400-ден аса жастарымыз Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Қазығұрт, Мақтарал, Шардара аудандарындағы орман шаруашылықтарында еңбек етті.

7777777777Динара Серік, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 2 курс студенті:
Менің «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағымен танысқаныма биыл екінші жыл. «Жасыл елде» жұмыс жасау арқылы көптеген іс-тәжірбиелерді бас-тан кешірдім. Жазғы маусымда жұмыс істеп қана қоймай, Республикалық штаб ұйымдастыруымен «Еңбек маусымының ашылуына» да бардым. Көптің басына түсе бермейтін бақ деп білемін. Өз басыма үлкен пайдасын әкелді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған өзім сияқты еңбекқор жастар, санаңды жан-жақты дамытатын тренингтер бәрі де маған ерекше әсер етіп, «Жасыл ел» тек патриоттардың, елін сүйгіш азаматтардың мекені екеніне тағы көзім жетті. Әр бастаманың төменінен басталғаны жақсы демей ме?! Менің еңбекке деген алғашқы қадамым дәл осы «Жасыл елмен» басталғанына шын жүрегіммен қуаныштымын.

Comments
  1. Асель
    • Әлия
    • Әлия
  2. Инкар
  3. Jasulan

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *