Жастарды жұмыспен қамтуға арналған 4 бағдарлама

«Тоқтаманың» өткен санында жастарды жұмыспен қамтуға арналған 7 түрлі бағдарламаның алғашқы үшеуін жаздық. Енді қалған төрт түрлі жобаны таныстырамыз.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары
Студенттердің жазғы демалысқа шығу мезгіліне сай іске асады. «Жасыл елдің» қатарына қосылуға ниеттілер арнайы киім (униформа күртеше, футболка, бейсболка, ботинка) алады. Орташа еңбекақы — 45 мың теңге. «Бағдарламаға қатысамын» деген жас қазірден бастап, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-іне барып, тіркелуі керек.

Студенттік құрылыс жасақтары
Биыл студенттік құрылыс жасақтарының жұмысы қайта жанданады. Бұған дейін тек М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері ғана қатысса, енді өңіріміздегі әрбір жоғары және арнаулы орта оқу орындарында жасақтар құрылып, ниет білдіріген студенттер жазғы демалыста құрылыс алаңдарында еңбек етеді. Орташа жалақы — 55-60 мың теңге. Қатысу үшін «Жастар ресурстық орталығына» барып, тіркеледі.

«Алтын қор» кадрлық резерві
Егер мемлекеттік қызметкер болғың келсе және оқуда үздік болсаң, бұл бағдарлама саған арналған. «Алтын қордың» тізіміне кіру үшін жастармен және жастар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөліміне хабарласып, тіркел. Не оқу орнының жастармен жұмыс бөліміне барып, өтініш бер.

«Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» жобасы
«Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» жобасы аясында қолға алынған «Серпін-2050» бағдарламасы мыңдаған жас бозбала мен бойжеткендерге Қазақстанның Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік облыстарының жоғары оқу орындарында, колледждерінде оқытады. Бағдарлама қатысушыларына оқуға түскен қаласындағы оқу орнында шәкіртақы төленіп, жатақханамен және жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Әлия ӘДІЛБЕК

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *