Жастар саясаты туралы заң қабылданды

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі мәлімет таратты. Ондағы ақпаратта аталған заң жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленгені жазылған. Сондай-ақ құжатта мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттері мен негізгі бағыттары айқындалып, осы бағыттағы орталық мемлекеттік органдардың құзыреттері бекітілгені, заңның негізгі мақсаты жастардың табысты әлеуметтенуіне бағытталған тиімді мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру үшін заңнаманы жетілдіру, олардың әлеуетін ел дамуына жұмсау болып табылатындығы көрсетілген. Бұдан өзге жаңа азңда мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуіне құқықтық мүмкіндіктер беру, жастармен тиімді жұмыс істеудің тетіктерін қалыптастыру, жастардың құқықтарын кеңейту нормалары қамтылып отырған келтірілген.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, тұтастай алғанда, құжатта мемлекеттік жастар саясатының басты үш міндеті қамтылып отыр. Атап айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту көзделеді. Ал мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарында олардың ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары қамтылады.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *