«Жастар орталығының» жаңарған қонысы

ортаплық ғимаратОңтүстіктің белсенді жастары үшін көптен күткен күн туды. Енді олар жаңа қарқынмен жұмыс бастамақ. Себебі, жастарға қатысты атқарылып жатқан барша шаруаның басында тұрған «Жастар орталығы» КММ-іне жеке ғимарат берілді. Өрендеріміздің жаңа қонысы өңір басшысының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Одан кейін облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Жайдарман» ойынымен жалғасты.

Облыс жастарына берілген ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы алаңы – 1979,9 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатында фойе мен 8 жұмыс бөлмесі орналасқан. 600 орындық концерт залы заманауи кейіпте қайта жабдықталған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынып, мемлекет тарапынан 120 млн теңге, облыстық бюджеттен 13 млн теңге бөлінген.

квн3
Ал жаңа ғимараттың шымылдығы облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Жайдарман» ойынымен ашылды. 2009 жылдан бері дәстүрлі өткізілетін ойынға Республиканың түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Тараз, Жетісай қалаларынан үздік жайдарман командалары қатысты. Сонымен, жиналған қауымға аз уақыттың ішнде езу тарттырып, әзіл сайысының дүлділі атанғандар:

І орын — «Сырдария» Жетісай қаласы (300 мың теңге);
ІІ орын — «Байдың балалары» Шымкент қаласы (200 мың теңге);
ІІІ орын — «Шапалақ» Талдықорған қаласы (100 мың теңге).

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *