Жасотандықтар Мақтаралда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барды

55555555

«Жас Отан» жастар қанатының Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жасотандықтар Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.
2015 жылдың 16 қаңтар күні «Жас Отан» жастар қанатының Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында жасотандықтардан құралған еріктілер топтары ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үйлеріне барып, үй шаруасында көмек көрсетіп, Батыр аталарының өсиетін тыңдап қайтты.

666666
«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасының негізгі мақсаттарының бірі – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбектегі жеңістерін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Жасотандықтардан құрылған еріктілер топтары Жетісай қаласында тұратын Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Айдарбеков Муслим, Мамадалиев Налібай батыр аталарының және Мырзакент кентінде тұратында Абдраймов Адиш, Тамбетов Аппоз аталарының үйлеріне
барып қайтты.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *