Жас еріктілер балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

IMG-20150118-WA0053
Шымкентте «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің жастары қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жұмыстарына кірісті. Бұл жолы қайырымдылық шарасы «Чапаевка» елдімекенінде орналасқан балалар үйінінің тәрбиеленушілеріне арналды. Шара барысында мемелкет қамқорлығына алынған балалар облыс орталығы Шымкенттегі «Азия» бизнес орталығында орналасқан «3 D» кинотеатрында анимациялық туындыны тамашалады. еріктілер мектебінің мүшелеріне «Қызмет» қоғамдық қорындағылар да қосылды. Олар кино тамашалауға келген балаларға сусын мен попкорн сыйға тартып, қуантты.

IMG-20150119-WA0030
Осы ретте айта кетейік, «Бізбен бірге!» еріктілер мектебі облыстық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жанынан құрылған. Жас еріктілер бұған дейін де бірқатар қайырымдылық шараларына атсалысқан болатын. Мектеп мүшелерінің мұндай жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *