Есеппен үйленудің есебі түгел ме?

Қалыңдық пен күйеу жігіт. Лүпілдеген қос жүрек пен қос жүзік. Мәңгі бірге болуға серт берген жастар. Ертегі әлеміндей өтетін осы сәт екі жастың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Алайда мұның барлығы арада біраз уақыт өтпей ақ көзден ғайып болып, шаңырағы шайқалған отбасылар артып келеді. Өйткені шынайы нағыз махаббаттан құралған отбасыға қарағанда есеппен үйленіп, ұпайын түгендейтын жастар көбейіп келеді,- дейді мамандар. Статистикалық мәліметтерге сенсек, облысымызда 2013 жылы 26 мың жас отбасын құрып, шаңырақ көтерсе, оның 4000-нан астамы ажырасып кеткен. Ал, бұл көрсеткіш 2014 жылы айтарлықтай өзгерген. Үйленушілердің саны азайып, 24000 жас отбасылы болса, некесін бұзғандар есесіне көбейіпті. 5000 шаңырақ шайқалып, соңы ажырасып тынған. Бұл сандар әрине көңіл көншітпейді. Мұның себебі отбасын құруды жоспарламаудың салдарынан,- дейді психолог маман Зәурет Қабылбекова. Ал жастар есеппен үйленуді дұрыс түсіну керек. Түтінін түзеп үлгермеген жас шаңырақтың шайқалауына тікелей әсер ететін факторлар көп. Алайда отбасын құру тек есепке құрылмауы тиіс деп есептейді.

Айболат пен Мадина

Айболат пен Мадина

Айболат пен Мадинаның жөні бөлек. Үйленгендеріне бір айдың жүзі болған жас жұп бүгінде бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүруде. Мадина — сүйікті жар, сыйлы келін болса, Айболат сүйгенін адаспай тапқанына қуанады. Десек те оның өз ішкі есебі болғанын жасырмайды. Бүгінде Айболат пен Мадина — студент. Екеуі де бір жоғарғы оқу орнында оқиды. Уақытының денін бірге өткізеді. Қандай қиындық болса да үнемі бір- біріне көмектесіп, бірге жоспарларды да құрып қойған. Отбасында имандылық пен сыйластық, әрі махаббат болса, ол отбасы берік болады деген қағиданы да мықты ұстанған.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *