ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ….

Кеше бір танысыммен саябақта кездесіп, досым аманат еткен бір затын беру керек болдым. Кездестік. Әңгімелестік. Содан қайтып бара жатыр едік, әлгі танысым:

— Мәссағааан, ана екеуіне қарашы — деп кілт тоқтап, қадалып қарап қалды. Көшеде жүргенде айналадағыларда көп назар аудара бермейтінім бар еді, қарашы деген соң бұрылып қалсам, бір қыз бен жігіт бір-біріне еркелеп, әп-әдемі болып тұр екен.
— Иәә, күштііі ғой. Жігіттің көзқарасын айтшы! Бала ғаашық, далаға шық болып тұр ғой- деп әзілдей кетсем, маған біртүрлі таңырқай қарамасы бар ма?!
— Байқамадың ба нее? Жігіт ұзын бойлы, сымбатты, «идеал» ғой, бір сөзбен. Қасындағы қызы не түрі жоқ, не фигура жоқ, бойы қып-қысқа, оған қоса семіз — деп ана екеуіне, әсіресе қызға жақтырмааай қарап тұр.
Мен айтқанына әбден күліп алып:
— Айтасың-ау сен де, тым жақсы екеуі де!

Махаббат ешқандай шегі де, шеті де жоқ, бойға да, жасқа да, ұлтына да, түрге де, ештеңеге қарамайтынын

талай жазушы, ақын, өмірлік тәжіибенің өзі дәлелді емес пе? Сен жәй, қызғанып тұрсың ғой- деп тиістім кеп. 
— ӨӨй, қызғанып тұрғаным жоқ. Бәрібір, ана қыздың орнында болсам, мынадай керемет жігіттің жанында жүре алмас едім. Тең-теңімен! — деп қояр емес. Содан ол екеуі ұзап, біз де саябақтан шығып, әрқайсымыз жұмыстарымызбен кету керек болдық. 

Осы «теманы» жабайық дегендей:
-Әттееееең, сен ол қыз емессің дәәәә- деп әзіл-шыны аралас күліп айта салғам. Содан осыны үйге келгенше ойлап келіппін. Өзінің дұрыстығын дәлелдеп, көзін жеткізбесе, Жанерке Жанерке болар ма?! Интернетке «Ең ерекше жұптар», «Махаббат ережеге бағынбайды» деп жаза бастадым, неше түрлі суреттер шықты. Әлгі қызға біртіндеп жібере бастадым, сонан соң айттым «Мыналардың қасында әлгі ғашықтарың „ең мінсіз жұп“ номинациясын алар еді! Міне саған, ережесіз махаббат!». «Мәссағааан!» — дегеннен басқа ешеңе деген жоқ. Мойындағандай болды. Дәлелдегендей болдым. 

Сіз де егер екі адам арасында осы ұлы сезім болса оларға ештеңе де тосқауыл бола алмайтынына сенетін шығарсыз? Сенбесеңіз… 

ОСТИН ПАУЭРС туралы фильмдегі актер ВЕРН ТРОЙЕР 2004 жылы ЖЕНЕВЬЕВ ГАЛЛЕН есімді модельге үйленген. Оның бойы күйеуінен 1 метр ұзын (БИІК ӨКШЕСІЗ!!!)

Махаббат: ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ....

Тай Зигель мен сүйіктісі Рене сұлу. «Құбыжық пен ханшайым» еске түсіп кетті ме? Иракқа соғысқа аттанып, жарылыс кезінде бетінің сау жері қалмай, 50 ота жасалғаннан кейін де, 15 жасынан бір-біріне ғашық болған екеуі, ештеңеге қарамастан бірге болаиыз — деп серттескен!

Махаббат: ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ....

Альберт Хольманн. Бизнесмен. Сүйіктісінің салмағы 115 келі. Достары Альберттің таңдауына еш таң қалмағандарын айтады. Альбертке бұрыннан «томпақ» арулар ұнайды екен. Қыздың анасының айтуынша, екеуі бір жылдай кездесіп, енді үйленеді екен. Альберт өте қамқор, менің қызымды ол сияқты ешкім сүйе алмайтын шығар — дейді. Өз кезегінде Альберттің ғашығы Кейт «Тойға дейін өзімді кішкене қалыпқа келтіремін» — деп уәде берген екен.

Махаббат: ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ....

Аргентиналық РЕЙНАЛЬДО ВАВЕКЧЕ (24-те) өзінен 58!!! ЖАС ҮЛКЕН АДЕЛЬФЕ ВОЛЬПЕС-ке(82 ЖАС) үйленген.
«Маған өзімнен үлкен әйелдер ұнайды. Жұрттың не айтарында шаруам жоқ. Бастысы, менің бақытты болғаным»- деген екен жас жігіт…


Махаббат: ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ....

33- жасар Стэйси Херальд өзінің батылдығын бірнеше рет дәлелдеген әйел. Остеогенез ауруымен ауыратын әйел үшінші сәбиін күтуде. Ол сүйіктісімен ештеңеге қарамастан тұрмыс құрып, дәрігерлер рұқсат етпесе де, қауіпті екенін айтса да 2 баланы аман-есен туып, бақытты өмір сүруде!

Махаббат: ЕРЕЖЕСІЗ МАХАББАТ ....

Бұл «ең ерекше жұптар». Осы сынды оқиғаларға әркімнің көзқарасы әртүрлі болуы заңды. Біреулер мысқылмен, біреулер аянышпен, біреулер сүйсініп, біреулер қорқынышпен қарайды. Қалай болған күнде де, осы оқиғалардан бір ғана қарапайым нәрсені түюге болатын сияқты «МАХАББАТ БАР!» .

Ол ешқандай ережеге бағынбайды!

 

Blogtime сайтынан алынды.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *