«Dream Way Battle – Тәуелсіздік үшін шайқас»

IMG-20161222-WA0007Бір күні екінші күніне ұқсамайтын жастар үшін көше билері — көңілге серпін, бойға қуат беретін өнер. Өскелең ұрпақтың ермегіне айналған жас-тар биі бүгінде әлемнің барлық елдеріне тарады. Соның ішінде осы бағытта талмай еңбектеніп келе жатқан шыменттік жастар да баршылық. Мысалы қаламыздағы құрылғанына 10 жылға жуық уақыт болған Mega Dance studio Gk би мектебінің тәлімгерлері жақында ғана Астанада өткен көше билерінің екі брідей жарысында 6 алтын жүлде иеленді.
Алғашқы сайыс — «Dream Way Battle – Тәуесіздік үшін шайқас» деп аталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып ұйымдастырылған байқауда Mega Dance studio Gk би мектебінің шымыр жастары 4 бірінші орынды қанжығаласа, «Way Do We Dance – Не үшін билейсің» деп аталған екінші тартыста екі бірінші орынды иеленді. Өзбекстан, Ресей, Қырғызстанның мықтыларынан оза білгендер: Жанерке Ерубекова (хип-хоп кидс), Роза Қалмұрзаева (хи-хоп бегинерс) , Богдан Берлов (хип-хоп про) болды.

Шымкенттік воркауытшылар « Ең үздік жастар спорттық ұйымы» деген атаққа ие болды. «13 легион» деп аталатын қаламыздағы воркаутшылар тобын Астанада марапаттады. Бұл ұйым тек Қазақстанда емес, жақын-алыс шет елде де танымал. Street workout — көшедегі, аулалардағы турникте , тағы осы секілді спорт құрылғыларда жасалатын жаттығулары бар спорт түрі. Жаттығуларды тіпті жерде де орындауға болады.

IMG-20161222-WA0026Көше билері немесе street dance – еш тәртіпке, стилге бағынбайтын өнердің бір түрі. Мұнда бірнеше жанрлар ұштасуы да ғажап емес. Қатып қалған тақырып жоқ. Осындай бағытта жұмыс жасап келе жатқан Mega Dance studio Gk би мектебінің негізін Гүлнәр Қалмұрзаева қалаған. Осы жылдар аралығында мемлекттен ешқандай демеу көрмесе де, талмай талаптанып келеді. Қазіргі таңда мектепте 5 жастан бастап кез-келген адам көше билерінің хип-хоп, брэйк данс, вокинг, поппинг, крамп, дэнс хол, хаус бағыттарымен айналысады.

Шымкентте кроссфиттен ашық қалалық кубок өтті. Жеңіл және ауыр атлетикамен ұштастырылған спорттық ойындарға шымкенттіктерден басқа Алматы, Қарағанды және Бішкектен мықтылар қатысты. Екі жігіт және бір қыз болып құралған командааралық жарыста бірінші орынды қарағандылық «AEROIFIT» командасы иеленді. Бішкек құрамасы екінші, ал шымкенттіктер үшінші орыннан көрінді.

Гүлнәр ҚАЛМҰРЗАЕВА — Mega Dance studio Gk би мектебінің директоры:
— Қазір барлығы бірдей балет немесе халық биіне барғысы келе беремейді. Олар теледидардан көріп, естіп жүрген ән мен биге қызығады. Қазіргі таңда ол – көше билері және соның ритіміндегі әндер болып отыр. Бұрын қазақ халқының бар тұрмыс-тіршілігін бір ғана «Қамажай» биінен көретін болсақ, мұнда да солай. Қазіргі тұрмысты, мейлі ол қай ұлт болса да, осы би ритмінен айтпай-ақ түсінуге болады. Мемлекеттен ешқандай қолдау болмағандықтан, балалар өз қаржысымен баруға мәжбүр. Бірақ бойында талант пен жігер бар біздер үшін бұл кедергі емес, тек демеуші болса, бұл жастардың саны бұдан да көп болатын еді.

Әлия ӘДІЛБЕК

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *