Бүгін Шапағаттың үйлену тойы

_MG_5174

Бүгін әнші әрі актер, режиссер Шапағат Орынбаевтың үйлену тойы. Дәл қазір жас жұбайлар мен олардың достары той алдындағы серуенде жүр.

Кешкі сағат 18.00-де екі жастың заңды неке қию рәсімі болды. Бір қызығы бұл үшін екі жас өзге жұптар секілді неке сарайына барған жоқ. Өйткені салтанатты шара Шымкенттегі Орталық саябақта, яғни, ашық аспан астында өтті.

_MG_5087

_MG_5156

_MG_5155

Той алдындағы серуеннен көргеніміздей той иесінің қуанышын бөлісуге өнердегі достары, атап айтқанда әнші Қайрат Түнтеков пен КВН-нің белді ойыншылары келген.

snapshot20140913190939

ҚайратТүнтеков,

әнші:

— Шапағатпен арадағы достық байланыстың орнағанына талай жылдар болды. Небір қуаныш пен өкінішті сәттерді бірге өткіздік.

Екі жасқа тек қана бақыт тілеймін. Бақыт болса, бәрі болады. Сонымен қатар екі жастың ата-аналарына Алла ұзақ ғұмырды нәсіп етсін дегім келеді. Шапағаттың жолы біздерге де жұғысты болсын!

_MG_5176

Ерлан Айтбаев,

ОҚО «Жастар» орталығының директоры:

— Бүгін біз үшін қуанышты әрі өмірде есте қаларлық күндердің бірі. Себебі досымыз Шапағат шаңырақ көтеріп отыр. Екі жасқа тек қана бақыт тілеймін. Бір жастықта қартайып, Орынбаевтар ұрпағын көбейте берсін. Той тойға ұлассын, әлі шаңырақ көтермеген жандарға жұғысты болсын!

Айта кетейік, өнерлі жан Шапағат Гүлбина есімді аруды таңдаған. Гүлбина 1991 жылы ОҚО, Төлеби ауданында дүниеге келген. Мамандығы психолог болғанына қарамастан өнерден құр алақан емес. Тіпті, күйеу жігіт түсірген «25» теңге фильміне түскен.

_MG_5121

Фотоларды түсірген: Әйгерім БЕГІМБЕТ

Дайындаған: Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *