Аймақтық «Жайдарман» сайысы өтті

Мақтарал ауданы, «Жаңа ауыл» ауылдық округі әкімінің жүлдесі үшін мектеп арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубының ойыны болып өтті. «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен аймақтық «Жайдарман» ойынына Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне қарасты мектептер қатысты. Сайысты әділ бағалаушы қазылардың қатарында аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы М.Бейсенбаев, «Жастар орталығы» КММ-нің директоры Мұрат Нұрымбетов, Сырдария КВН құрамасының капитаны Марат Сарсенбаев, «Жастар орталығы» КММ-нің мәдени шараларды ұйымдастырушысы Сүндет Кенжебаевтар әділ төрелік етті. Қызықты өткен сайыс қорытындысында әділқазылардың шешімімен І-орынды Рудакий жалпы орта мектебінің құрамасына, ІІ-орын Т.Рысқұлов жалпы орта мектебінің құрамасына бұйырды. Ал жүлделі ІІІ-орын Яссауи жалпы орта мектебінің командасы иеленді.
Мұрат Нұрымбетов,
Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры:
— «Жайдарман» — қазіргі кезде көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Әзілқойлар мен тапқырлардың сайысы жастарды мәдениеттілікке , интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосуға баулиды. Мұндай дода біздің ауданда жыл сайын өткізіліп келеді.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *