Алда ҰБТ! Іске сәт, жалынды жас!

789Биылғы ҰБТ-ның басталуына санаулы күндер қалды. Биыл облыс бойынша 31 288 оқушы мектеп бітірді. Оның 19 797-сі Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдірген. Осыған сәйкес, облысымызда 2 сәуірден бастап 16 тест өткізу пункті жұмыс жасап жатыр.

ОҚО-дағы барлығы 1022 мектепте 584 089 оқушы бар. Соның ішінде 822 орта мектепті 30 105 оқушы және облыстағы 16 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын 841 оқушы бітірді. Ал, республикалық екі мектепті -172, жекеменшік жеті мектепті 170 түлек тәмамдады.
Оның ішінде қазақ сыныптарын – 22445, орыс сыныптарын – 2477, өзбек сыныптарын – 4862, тәжік сыныптарын бітіргендердің саны – 321 болды.
Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ұлттық бірыңғай тест тапсырмайтын оқушылардың 5770-і кәсіптік-техникалық білім алуға, 525-і шетелде білімін жалғастыруға, ал 5141-і әскерге бару, жұмыс істеу және тағы басқа түрлі себептермен ҰБТ тапсырудан бас тартты.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің байқау тесттерінің сәуір айындағы қорытындысы бойынша аудан, қалалардың орта балы – 78,6 балды құрады.
Жоғары көрсеткішке Түлкібас (94 балл), Арыс (84 балл), Отырар (82 балл), Түркістан, Шымкент және Шардара (78 баллдан) аудандары мен қалалары ие болса, төменгі көрсеткіш Сарыағаш (69,6 балл), Мақтарал (68,8 балл), Сайрам (68,0 балл) аудандарында тіркелді.
Ал, облыстық білім басқармасына қарасты 16 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың көрсеткіші – 96,8 балл болды. Облыс бойынша жалпы көрсеткіш 81 балды құрады.
Бірақ, мұның бәрі де жоғарыда айтқанымыздай байқау тесттері. Шын сынақтың нәтижесін алдағы ҰБТ науқанынан білетін боламыз.
Осы ретте, айта кетер бір жайт, ҚР Әкімшілігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №32-26.13 қызмет бабында пайдалану үшін берілген тапсырмасына сәйкес ҰБТ өткізу пунктерін бейнежазу камераларымен, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыру құралдарымен, рамалы металіздегіштермен қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 16 ҰБТ өткізу пунктінің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізіліп, ҰБТ өткізу пункті 197 аудиториямен, 252 бейнежазу камерасымен, 253 ұялы байланыс телефонының сигналдарын тұншықтыру құралымен, 27 рамалы металіздегішпен және 210 салқындатқышпен қамтамасыз етілді.
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҰБТ өтетін пункттердің мекенжайы мен аудан-қалалардағы ҰБТ тапсырушылардың саны

789789

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *