Ән мен спорттан Шымкентті танытқан жас өрендер

Биыл  жас өнерпаздар арасында алғаш рет «Бала дауысы»  Ұлттық ән байқауы өтті.  Нәтижесінде қаламыздан қатысқан «13 триосы» жүлделі бірінші орын иегерлері атанды. Ендеше «13 триосында» өнер көрсеткен үштікті таныстырсақ. Сондай-ақ түрлі спорт жарыстарында жеңіске жеткен өрендерімізді танытамыз.

rozaРоза Абитова
Санкт-Петерборда көркем гимнастикадан өткен халықаралық турнирде Әлия Юсупованың шәкірттері жеңімпаз атанды. Көркем гимнастикадан Даяна Әдірбекова, Роза Абитова, Жанерке Әмір мен Аружан Алпамышова алтын алқа тақты. Төрттіктің ішінде Роза Абитова – Шымкенттің тумасы. Талантты қыз өткен жылы Шымкентте ұйымдастырылған ел чемпионатында көзге түсіп, Әлия Юсупованың ізін басуға лайық екенін дәлелдеген еді. 13 жасында спорт шеберлігіне үміткер атанып үлгірген жерлесіміз өткен жылғы Қазақстан чемпионатында ересектер тобында бақ сынай жүріп күміс медалға ие болды.

ma%d2%93zhan-2Мағжан Абдухамит — «Бала дауысы» байқауынан бірінші орын алған «13 триосының» мүшесі. Мағжанның жасы — он үште. Ол кішкентайынан ән айтқан. Өнерге деген талпынысын бірінші сыныбында музыка пәнінің мұғалімі байқаған екен. Сол кезден бастап өз өнерін шыңдай түседі. Осылайша №3 балалар эстетикалық саз мектебінде білім алуды бастайды. Қазір домбыра, фортепианода ойнайды.

Музыка мектебіндегі вокалдан сабақ берген ұстазы — Гүлжамал Серходжаева. Мағжан осы кезге дейін бірнеше байқаулардың лауреты атанған. Атап айтсақ, 2012 жылы Көкшетау қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» ән байқауының III орын иегері және осы жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Жас дарын» байқауында жүлделі бірінші орын, және осы сияқты «Самға жұлдыз», «Жұлдызға жол» атты байқаулардан бірінші орын иегері. Оның ең үлкен жеңісі жақында ғана өткен «Бала дауысы» байқауындағы жүлдесі.

Мағжан Абдухамит

— «Бала дауысы» байқауының сахнасына шыққанда үлкен сахна болғандықтан да бізде қобалжу басым болды. Дегенмен, көрермендердің бізге деген ықыласын көріп барынша жақсы өнер көрсетуге тырыстық. Біз бұл байқауға алдын ала Алматыға барып 1 ай дайындалдық. Ол жақта вокал, хоеографиядан көптеп сабақ алдық. Сондай-ақ әр облыстан келген қатысушы балалармен танысып, жақын араласып дос болып кеттік. Қазір оларды сағынып жүрмін. Сайыс аяқталып, сахнаға бәрімізді марапаттауға шығарған кезде барлығымызда қобалжу сезімі басым болды. Менің достарым жүлделі орын алғанда мен олармен бірге қуандым. Ал, біздің трио бірінші орын деген кезде керемет бір сезімде болдым. Мені өнер жолында қолдаған ата-анама, ұстаздарыма алғысым шексіз

dias-2Диас Жорабек 2003 жылы Шымкент қаласында дүниеген келген. Қазіргі таңда Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектептің 7 сынып оқушысы. Ол ән айтуды балабақша қабырғасынан бастаған. Кішкентайынан Майкл Джексонның әндерін айтып, сол сияқты би билеп өнерге бейім боп өскен. Бүгінгі таңда пианинода ойнайды. Диас осы кезге дейін көптеген байқауларға қатысып, бас жүлде немесе бірінші екінші жүлделі орындардан көрініп келген. Солардың ішінде республикалық «Самға жұлдыз», «Баян сұлу», «Балауса», байқауларынан бас жүлде иеленген. Және «Весна в Казакстане», «Дарын», атты халықаралық байқаудан да бас жүлде сондай-ақ «Фесталония» халықаралық байқауының бірінші орын иегері. Өнер жолында алғаш сахнаға жол көрсетіп, байқауларға қатыстырған ұстазы — Роза Амрина. Бүгінде музыка мектебінде музыкалық білім берген, қазіргі жеңістеріне бірге жеткен ұстазы — Гүлжамал Серходжаева.

Диас Жорабек
— Біз «Бала дауысы» байқауына бір ай дайындық барысында көптеген қызықтар болды. Солардың бірі достарым Садраддин мен Мағжан бір күні түнде мені оятты. «Жүр тез студияға барамыз, Толғанай апай ұрсып жатыр екен» деді. Мен тез тұра сала далаға шықсам олар маған «біз қалжыңдадық» деп күліп тұр. Осындай қызықты сәттер көп болды. Ол жерде көптеген достар таптым, олармен бірг экскурсияға, әншілердің концертіне бардық. Қатысушылар барлығымыз бірге дайындалып бірге жүрдік. Бір-бірімізге қатты бауыр бастып қалдық. Оларды қатты сағынам қазір. Қатысушылардың барлығы өте мықты болды. Бірақ біз жүлделі орындардың бірінен көрінетіндігімізге сенімді болдық. Өйткені біз онда ата-ана, туысқандарымыз, ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деп бардық. Бірінші орын деп біздің атымызды атағанда өте қатты қуанышта болдым. Барлық облыстан келген тек мықтылар арасынан жүлделі орынға ие болу бізге мақтаныш сыйлады.

sadraddin-3Болат Садраддин бес жасынан бастап ән айтады. Ең алғаш сахнаға «Қошақаным» әнімен шыққан. Мектеп сахнасында жүріп көптеген облыстық, аудандық мәдени іс-шаралалар, түрлі жарыстарға қатысып барлығынан бас жүлде иегері атанып жүрген. Өткен жылы «Аялаған Астана» байқауында жүлделі бірінші орын иегері болған. Вкалдан сабақ беріп өнер жолына баулып келе жатқан ұстазы Гүлнар Қайырбекқызы. Садраддин арымен қарай өнер жолын жалғастырып ән айтқысы келеді.

Болат Садраддин
— «Бала дауысы» байқауы армандар орындалатын байқау. Мен өз өнерімді республикалық үлкен сахнада жанды дауыста көрсетіп, көптеген достар таптым. Байқау барысында біз қатты қобалжыдық. Өйткені жанды дауыста ән саламыз, әрі жүлделі орындар халықтың дауысымен смс арқылы анықталтындықтан тіпткен қобалжыдық. Байқау болған соң жеңіс те жеңіліс те болады. Бірақ мен жеңімпаз болуды армандадым. Және соны алға мақсат етіп қойдым. Сондай-ақ біз өте үлккен тәжірибеден өтіп қайттық десем болады. Себебі біз әсем қала Алматының төрінде эстрада жұлдыздарымен бірге ән айттық. Біздің тәлімгерімәіз елге белгілі әнші Маржан Арапбаева болды. Дауысы кең диапозоны мықты әншінің біздің жерлесіміз болғанын мақтан етем. Бізге тәлімгер болып, ән айтудың көптеген қыр-сырын үйретті. Біз Маржан Арапбаева де бірге дуэт айттық. Бірінші орын деп біздің есімімізді атағанада өте қуандым. «Бала дауысы» байқауына қатысушылар барлығымыз дос болып кеттік. Өте қызықты күндер болды. Қазір сағынышпен еске аламын. Мұнымен тоқтап қалмай республикалық, әлемдік байқауларға қатысып, гран при иегері болсам деп армандаймын

Эмир Карим, Джаноб Гафуров, Ролан Тайгиев

rolan-tajgiev

Ролан Тайгиев

Эмир Карим

Эмир Карим

karate-dzhanob-gafurova

Джаноб Гафуров

Каратэ до Шотокан шығыс жекпе-жегінен әлем кубогінің жеңімпаздары қатарында шымкенттік спортшылар да бар. Таяуда Францияның астанасы Париж қаласында өткен біріншілікте жерлестеріміз 9 жасар Эмир Карим мен 15 жасар Ролан Тайгиев алтын жүлде иемденді. Ал, тағы бір шымкенттік спортшы 7 жасар Джаноб Гафуров екінші орын алды. Жеңімпаздардың айтуынша, сайыс-та турнир қожайындары француздар мықтылық танытыпты.

karate-emir-kamir-3Елдос Нәби
Шымкенттік дойбышы Елдос Нәби – әлем чемпионатының жүлдегері. Түркияда аяқталған әлем біріншілігінде 15 жасар спортшы үшінші орын иемденді. Жартылай финалда моңғол дойбышысына есе жіберіп қойды. Моңғол дойбышысы жарыс қорытындысында алтын олжалады. Айта кетерлігі, дойбыдан өткен әлем чемпионатына дүниенің 17 елінен 200 адам қатысты. Кіл мықтылардың арасында Қазақстаннан жалғыз Елдос Нәби болды. Шымкенттік спортшының сөзінше, ол жеңіп алған қола марапатына көңілі толмайды екен.

Дайындаған — Жанерке ХУМАР

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *