630 спорт ғимараты бар шаһар

спорт
Шымкенттік тұрғындардың салауатты өмір салтын арттыру мақсатында спорттық ғимараттар саны артып отыр. Бүгінде шаһарда 630 осы бағыттағы ғимарат бар. Оның аатуы жүзу бассейні, 28-і теннистік корт, 13 ату тирі болса, 158-і спорттық зал. Одан өзге 7 аула клубы мен 326 жазықтықты алаңша, халықаралық теннис корты, жеңіл атлетика манежі де жұмыс жасайды.

«Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегілердің берген мәліметіне сәйкес бүгінде Шымкентте 15 мыңнан астам оқушы мен студент спортен айналысады екен. Осы ретте айта кетейік, биыл шаһар саябақтарында спорттық тренажерлар орнатылды. Және ол спорттық жабдықтармен жаттығу ақысыз. Спорттық алаңшаның бір жинағында пресс-шынықтырғыш, белтемір (турник) және тағы да өзге құрылғылар орнатылған. Әрбір алаңшада жаттығудың 8-9 түрін жасауға болады. Спорттық жиынтықтың әрқайсысының құны шамамен 1,2-1,7 млн теңге.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *