6 түлек 125 балл жинады

скачанные файлыБиылғы жылы облыс бойынша ҰБТ тапсыруға тиісті 19 798 бітірушінің 19 691-і тестілеуге қатысты. 36 түлек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылды. Сондай-ақ облысымыз бойынша, сынақтан ең жоғары 125 баллды 6 оқушы жинады. Олар: Шымкент қаласынан Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта мектебінің оқушысы – Ерасыл Балтабай, Д.Менделеев атындағы №15 жалпы орта мектебінің оқушысы – Ақтолқын Асан, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия оқушысы – Абылай Кеңесбеков, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының оқушысы Мерей Турдиева, Ордасбасы ауданынан А.Шерімқұлов жалпы орта мектебінің оқушысы – Ақмарал Әбубәкір, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Аяжан Тортай болды.
Сонымен қатыр, 124 баллды Шымкент қаласынан – 11, Арыс қаласынан – 4, Ордабасы ауданынан – 2, Мақтарал ауданынан – 1 түлек жинады. Облысымызда 3438 оқушы 100 баллдан жоғары жинаған. Сондай-ақ «Алтын белгі» белгісіне үміткер 1439 оқушының барлығы тестке қатысып, олардың 575-і яғни 40%-ы Алтын белгісін ақтады. Үздік аттестатқа 608 үміткердің 167-сі яғни 27%-ы үздік аттестат иегері атын ақтады.
Облыс бойынша бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу пайызы – 73,2%, облыстың орта балы 77,7 болды.
Биылғы ҰБТ-ға денсаулығына байланысты 23 түлек қатыса алмаған. Ал, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 3 оқушы аудиториядан шығарылған. Олардың біреуі Сарыағаш ауданында. Мұнда Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Жасұлан Алиевтің орнына жалған құжатты пайдалану арқылы Шахмардан Әбдіғаниев аудиторияға кіруге әрекет жасаған. Нәтижесінде аталған іс-әрекеттер әшкереленіп қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ Мақтарал ауданында 2 оқушы аудитория ішінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін нұсқаулыққа сәйкес акт түзіліп, жұмыстары жойылды.

Дайындаған — Жанерке ХУМАР.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *