500 студент құрылыс жасағына тартылады

8ОҚО-да «Студенттік құрылыс жасақтарына» жастарды тарту жұмыстары басталды. ОҚО әкімдігінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында жиын өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбіл жастарды уақытша жұмысқа тарту жайын баяндады. 

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл облыс бойынша 500-ге жуық студент облыс аумағындағы құрылыс компанияларына жұмысқа тартылмақ. Оның ішінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылыс мамандығында білім алатын 360 студент жазғы демалыс кезінде студенттік құрылыс отрядтарында жұмыс істеуге ниет білдірген екен. Құрылыс жасақтарына қатысатын студент жастардың айлық жалақысы 40-60 мың теңге аралығында болмақ. Осы жасаққа қатысуға үмітті студенттер оқу орнының ректорына өтініш жазу арқылы жұмысшылар құрамына еніп, еңбек етеді. Облыста «Студенттік құрылыс жасақтарына» студент жастарды еңбекке тарту жұмыстары 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді. Соңғы үш жылда осы жасақта жұмыс істеген студенттер аз емес. Мысалы: 2013 жылы «Студенттік құрылыс жасақтарында» 400 студент жұмыс істесе, 2014 жылы жасаққа 458, ал, 2015 жылы 500 жас қатысқан.
8-3Осы жылы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және қалалық құрылыс бөлімі сондай-ақ, студенттік құрылыс жасағы штабы өкілдері, Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен болған келіссөз нәтижесінде студенттік құрылыс жасақтарымен бірқатар мердігер компаниялар жұмыс істеуге келісім алған. 2014 жылы құрылыс жасақтары Шымкент қаласында орналасқан «Нұрсәт» шағынауданы мен «Тұлпар» көлінде еңбек етсе, 2015 жылы «аясындағы 500 студент «әкімшілік іскерлік орталығы» құрылысына қатысты.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 12 жоғары оқу орны бар. Оның 10-ы Шымкент қаласында болса, біреуі Түркістан қаласында, ал енді бірі Мақтаралда орналасқан. Барлық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастардың саны 70 мыңға жуықтайды.

Дайындаған – Жанерке ХУМАР

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *