16%. Аз ба, көп пе?

3d9d750ff47e8d7ff5b04c056cd0eb0a

«Жастар» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Жанар Буканованың айтуынша, елдегі жастардың 16 пайызы өз өміріне көңілі толмайды.
Жанар Буканованың сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда елдегі жұмыссыздық 4,6 пайызды құрап отыр. Оқымайтын, жұмыспен қамтылмаған жастардың саны — 8,6 пайызға жеткен. Қуанышқа орай, жастардың қатысуымен болған қылмыстардың саны азайған. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша жастардың 84,5 пайызы өз өміріне қуанышты. Яғни, олар өздерінің материалдық жағдайын, өмірлік ұстанымын, күнделікті күйбелең тіршілігіне шүкіршілік етеді екен.
Маманның мәліметіне сүйенсек, бүгінгі жастар өз денсаулықтарына мән береді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқан жастардың 96 пайызы деннің саулығын бірінші орынға қоятынын айтқан. Респонденттердің 3 пайызы ғана өз дендерінің саулығын қанағаттанарлықсыз деп тапқан.  Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері елдегі жастар саясатының бір ізге қойылғандығын көрсеткен.

дереккөзі: BNews.kz.
фото: BNews.kz.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *